MNU Logo

Бізбен байланысу

MIND ғылыми-талдау орталығы

MIND ғылыми-талдау орталығы — Maqsut Narikbayev University жанындағы ғылыми зерттеулерді қолдау, сараптамалық білімді ілгерілету және қоғамдық диалогты дамыту үшін құрылған талдау орталығы.

Орталық бірнеше негізгі функцияларды орындайды:

  • THINK & DO — біз экономика, халықаралық қатынастар, құқық және әлеуметтік зерттеулер саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін зерттеушілерді, сарапшыларды және әртүрлі секторлардың өкілдерін біріктіреміз. Толығырақ
  • NETWORKING & DEVELOPMENT— академиялық қауымдастық, мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам арасында идеялармен алмасу үшін кеңістік құру. Біз қоғамның негізгі секторлары арасында сындарлы диалог қалыптастыру мақсатында түрлі ұйымдармен әріптестік байланыстарды белсенді дамытуға ұмтыламыз. Толығырақ
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қоғамдық жобалау кеңсесі — біз сараптамалық қолдау көрсету және ғылыми негізделген бастамаларды әзірлеуге және ілгерілетуге ықпал ету арқылы заң шығарушы органмен ынтымақтасамыз.
  • Research Support Unit — орталық сонымен қатар Maqsut Narikbayev University зерттеу жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетеді.  Біздің мақсатымыз — MNU-ны зерттеу университетіне айналдыруға ықпал ету. Осы миссия аясында біз ғылыми жобаларды қаржыландыруды іздеу және тарту, оларды ұйымдастырушылық қолдау және зерттеу нәтижелерін мемлекеттік сектордың, ірі бизнестің және жалпы жұртшылықтың мүдделі тұлғалары арасында ілгерілету арқылы ғылыми қызметке көмек көрсетеміз. Біз Maqsut Narikbayev University ғылыми мектептерімен белсенді жұмыс істейміз. Толығырақ

Біздің жұмыс форматы мыналарды қамтиды:

  • MNU оқытушылары мен зерттеушілерінің жобалық қызметін қолдау;
  • GR-зерттеулер жүргізу;
  • Ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін фандрайзинг;
  • Зерттеу нәтижелерін академиялық және сараптамалық ортада ілгерілету мақсатында жабық таныстырылымдар (ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру;
  • Кең аудитория арасында ғылыми білімді танымал ету үшін қоғамдық іс-шаралар (қалалық дәрістер, пікірталастар) өткізу.

Біз ғылым мен тәжірибенің арасындағы көпір болуға ұмтыла отырып, негізделген шешімдер қабылдауға, тұрақты дамуға және білімге ашық қоғам қалыптастыруға жәрдемдесеміз.