MNU Logo

Бізбен байланысу

MNU қазақ тілінде заң әдебиетін шығаруды кеңейтуде - MNU

MNU қазақ тілінде заң әдебиетін шығаруды кеңейтуде

15.12.2025

MNU қазақ тілінде заң әдебиетін шығаруды кеңейтуде

Сарапшылар, ғалымдар мен профессорлар «Қазақстандық халықаралық шарт құқығы: комментарий және тәжірибеге шолу» жаңа оқу құралының алғашқы оқырмандары болды. Күні кеше университетте MNU Assistant Professor-ы Абай Абылайұлының кітабының тұсаукесері өтті.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу құралы «ҚР халықаралық шарттар туралы» заңына кешенді ғылыми-практикалық түсіндірмені және ережелерді жетілдіру жөніндегі нақты ұсыныстарды қамтиды. Бұдан басқа, кітапта халықаралық шарттық құқық нормаларын кодификациялау және имплементациялау процестеріне талдау, Қазақстанның халықаралық шарттарын жасасу және қолдану практикасына шолу және халықаралық құқық нормаларын ұлттық деңгейде қолдану бойынша практикалық түсіндірмелер берілді. Әдебиетті жазу жұмысына MNU Халықаралық және жеке құқық ғылыми мектебінің жас ғалымдары белсене қатысты.

Айта кетейік, биыл университет профессорлары қылмыстық заңнаманың эволюциясы, әкімшілік құқық, заң терминдері, ислам құқығы және рим жеке құқығы тақырыптары бойынша бірқатар кітаптар басып шығарды.

Парақшамен бөлісу

Тағы оқу

Thank you!

Вы успешно подписались на email рассылку.

Жазылымнан бас тартылды

Жазылымнан бас тартуыңыз сәтті орындалды.