
2024 жылғы 3 мамырда «Maqsut Narikbayev University» базасында БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары бойынша жобалық-зерттеу командаларының қатысуымен брейншторминг өтті.
Біздің командалардың назарында мына Тұрақты даму мақсаттары болды:
№ 3 – «Жақсы денсаулық және амандық»;
№ 4 – «Сапалы білім»;
№ 8 – «Лайықты еңбек және экономикалық өсу»;
№ 11 – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер»;
№ 16 – «Бейбітшілік, әділет және құқық тәртібі»:
- Заңдардың сапасы;
- Сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа тетіктері;
- Тиімді мәслихат.
Бірлескен пікірталастар барысында командалар Ақмола облысында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің ағымдағы жағдайын зерделеу үшін негізгі міндеттерді айқындады.
Сонымен қатар, біздің серіктесіміз ESGQ және Айжан Хамитованың жеке қолдауымен «Өз мақсатыңды біл» атты тамаша фасилитация өткізілді.
Кездесу қорытындысында командалармен бірге мол позитивті эмоциялар, нетворкинг, жоспарларды және мүдделі тараптармен ықтимал коллаборацияларды талқылау жүзеге асты.