14 маусымда MNU MIND үйлестірушісі Алтаир Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған Орталық Азия сарапшылар форумында сөз сөйледі.
Форум «Сенім гравитациясы» тақырыбына арналды. Алтаир Ахметов өз сараптамалық пікірін білдіріп, өзара сенімді нығайтудың жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, 2025 жылы Тұрақты даму мақсаттары бойынша Орталық Азия акселераторын ұйымдастыру бастамасын көтерді.