MNU Logo

Бізбен байланысу

«Жасанды интеллект және өзге де цифрлық технологиялар дәуіріндегі еңбек саласын құқықтық реттеу тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел - MNU

«Жасанды интеллект және өзге де цифрлық технологиялар дәуіріндегі еңбек саласын құқықтық реттеу тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел

07.10.2024

«Жасанды интеллект және өзге де цифрлық технологиялар дәуіріндегі еңбек саласын құқықтық реттеу тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел

2024 жылғы 7 қазанда Maqsut Narikbayev University-де Labour Law Days аясында Еңбек құқығы ғылыми мектебі MIND алаңында «Жасанды интеллект және өзге де цифрлық технологиялар дәуірінде еңбек саласын құқықтық реттеу тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сарапшылар келесі негізгі тақырыптарды талқылады:

  • Жасанды интеллектіні заң шығару процесі тұрғысынан құқықтық реттеу: заңнамадағы өзгерістер еңбек саласын жаңа технологияларға қалай бейімдей алады және еңбек нарығы субъектілері нені тәуекел ретінде ескеруі тиіс;
  • Автоматтандыру мен ЖИ енгізілуіне байланысты еңбек құқығы үшін негізгі сын-қатерлер, оның ішінде қызметкерлерге арналған «ақылды арнайы киім» секілді технологиялар;
  • IT-технологияларды пайдалану арқылы әлеуметтік төлемдерді тағайындау рәсімін жетілдіру;
  • Платформалық жұмыспен қамту контексінде ЖИ-дің еңбек құқығына әсері: ЖИ-ді реттеудегі халықаралық тәжірибе, платформалық жұмыспен қамту және Қазақстандағы осы саладағы құқықтық реттеу олқылықтары;
  • Еңбек дауларын сотқа дейін және сотта шешуде медиация мен жасанды интеллектінің өзара байланысының өзекті мәселелері;
  • Жасанды интеллектіні қолдануға байланысты қызметкерлер үшін еңбек заңнамасында кепілдіктерді қамтамасыз ету.

Дөңгелек үстел ашық пікірталаспен аяқталды. Онда қатысушылар ЕО-ның ЖИ-ді реттеу туралы регламенті және платформалардағы еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі директивасы сияқты халықаралық құқықтық бастамаларды талқылап, Қазақстандағы еңбек заңнамасының даму жолдарын тереңірек қарастырды.

Парақшамен бөлісу

Тағы оқу