MNU Logo

Бізбен байланысу

ТДМ бойынша Акселераторды іске қосу

2024 жылғы 3 мамырда MIND, алаңында Парламент Сенатының, MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY қоғамдық жобалық кеңсесі мен Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен күш-жігерімен құрылған Акселератор өз жолын бастады.

БҰҰ ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы бұл маңызды қадам біздің еліміз бен бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін тарихи сәт.

Акселератор аясында 7 команда құрылды, олардың әрқайсысы тұрақты дамудың нақты мақсатына жетуге бағытталған. Денсаулық пен білімнен бастап экономикалық өсу мен әділеттілікке дейін бұл командалар сынақты қабылдауға және жақсы болашақты құруға үлес қосуға дайын.

Акселератордың ресми іске қосылуы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы мен Сенат депутаттарының қатысуымен өтті, бұл бастаманың мемлекеттік деңгейде маңыздылығын көрсетеді. Мәулен Сағатханұлы толық қолдау білдіріп, командаларға елді жақсы жаққа өзгерте алатын инновациялық шешімдер жасауға үміт артты.

Әрбір команда мүшесі жігерге толы және 100 күн бойы салаларды дамытуға серпін беріп, құқықтық кедергілерді жоюға қабілетті жобаларды әзірлеп, оларды пилоттық режимде іске қосу үшін жұмыс істеуге дайын. Әлемнің 70 елінен келген, Халықаралық Жобалық Менеджмент Қауымдастығының (IPMA) мүшесі болып табылатын жоба менеджерлері бұл бірегей әріптестікке қосылып, әлемдік тәжірибе мен сараптаманы ұсынбақ.

100 күндік кезең аяқталғаннан кейін (9 тамызда) командалар өз нәтижелерін Парламент Сенатының спикеріне ұсынып, табысты жобаларды масштабтауға және ортақ болашағымыздың мүддесі үшін жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін көрсетеді

MIND-Talks: Әл-Фарабидің философиялық антропологиясы — ғасырлар көзқарасы

2025 жылғы 27 наурызда ORTA Community алаңында MIND-Talks аясында Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық антропологиясына арналған дәріс өтті. MNU School of Liberal Arts қауымдастырылған профессоры А.С. Төлебеков ұлы ойшылдың философиялық мұрасына және адамның табиғаты жөніндегі көзқарастарына терең талдау жасады.

Дәрістің негізгі тақырыптары:

  • Әл-Фарабидің пікірінше, адамды қандай өмірлік күштер қалыптастырады?
  • Әл-Фарабидің әдіснамалық көзқарасы қазіргі когнитивтік ғылым саласындағы ғылыми тұжырымдамалармен қалай үйлеседі?

Дәріс философияға қызығушылық танытқан студенттер мен мамандардың назарын аударып, әл-Фараби ілімдерінің қазіргі философиялық және ғылыми тәжірибелерге ықпалы туралы қызу пікірталасқа жол ашты.

MIND-Talks жалғасуда! Анонстарды қадағалап, келесі шараға қосылыңыздар.

MIND-Talks: Гендерлік экономика — әлем мен Қазақстан туралы не білеміз?

2025 жылғы 6 наурызда ORTA Community алаңында MIND-Talks аясында гендерлік экономикаға арналған дәріс өтті. 8 наурыз қарсаңында MNU International School of Economics деканы Сауле Кемелбаева Қазақстан мен әлемдегі гендерлік теңсіздікке әсер ететін негізгі мәселелер туралы айтты.

Талқыланған негізгі тақырыптар:

  • Неліктен жоғары білім деңгейіне қарамастан, Қазақстанда әйелдердің табысы ерлерден аз?
  • Әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторлар табыс пен мүмкіндіктердегі алшақтыққа қалай әсер етеді?
  • Бұл алшақтықты азайтып, гендерлік теңдікке қол жеткізуге қандай шешімдер көмектесе алады?

Дәріс қатысушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Олар мәселені шешудің ықтимал жолдары жөнінде өз ойларымен бөлісті.

MIND-Talks жалғасуда! Анонстарды қадағалап, келесі шараға қосылыңыздар.

Жалған иллюзия: қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық схемаларын қалай таниды?

2025 жылғы 27 ақпанда ORTA Community алаңында MIND-Talks аясындағы жаңа кездесу өтті. Ол қоғамдағы сыбайлас жемқорлық және оның қабылдануы мәселелеріне арналды. Дәрісті MNU жанындағы MIND орталығының әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының жетекшісі Родионов А.Н. жүргізді.

Талқылаудың негізгі тақырыптары:

  • Сыбайлас жемқорлықты жасыру тетіктері қалай жұмыс істейді және оған қатысушылар қандай стратегияларды қолданады?
  • Неліктен кейбір схемалар «қалыпты» құбылыс ретінде қабылданып, қоғам тарапынан айыпталмайды?
  • Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық үлгілерін қаншалықты тиімді танып біледі?

Қатысушылар тек аналитикалық шолуды тыңдап қана қоймай, сонымен қатар нақты кейстерді талқылап, заңды үдерістерді сыбайлас жемқорлықтық айла-шарғылардан қалай ажыратуға болатынын қарастырды.

MIND-Talks жалғасуда! Келесі кездесулерімізді жіберіп алмаңыздар, өзекті тақырыптарды бірге талқылауға қосылыңыздар.

Maqsut Narikbayev University-де өткен Сенаттың отырысы: Заң шығармашылығының сапасын арттыру факторы ретінде құқықтық актілердің түсініктілігін бағалау құралдары

2025 жылғы 20 ақпанда Maqsut Narikbayev University-де Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Оған Сенат Төрағасының орынбасары Жақып Асанов жетекшілік етті. Негізгі талқыланған тақырып – құқықтық актілердің оқылымдылығын бағалау құралдары және олардың заң шығару үдерісін жетілдірудегі рөлі болды.

Отырыста MIND Қолданбалы ғылыми-талдау орталығының социологиялық зерттеулер департаментінің басшысы Дмитрий Серебренников нормативтік құқықтық актілерді сандық талдау әдістерін таныстырды. Ол мәтін күрделілігін объективті көрсеткіштермен өлшеудің және заңнамалық құжаттардың оқылымдылығын бағалаудың бірыңғай стандарттарын әзірлеудің қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, Maqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің директоры Ольга Бектибаева және Жоғары құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры Антон Дидикин нормативтік құқықтық актілердің оқылымдылығын арттыруға арналған әдістемелік ұсынымдар ұсынды.

Мәтінді талдаудың автоматтандырылған құралдары нормативтік актілердің сапасын айтарлықтай арттыруға, оларды заңгерлер мен азаматтар үшін қабылдауды жеңілдетуге, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге ықпал ете алады. Ғылыми зерттеулерді, технологиялық инновацияларды және заңнамалық бастамаларды біріктіретін кешенді тәсіл қолжетімді заңнаманы қалыптастырудағы негізгі элементке айналады.

Талқылаудың қорытындылары парламенттік тыңдауларға дайындық барысында және Үкіметке арналған ұсынымдарды әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Жасанды интеллект және жаңа болашақ: World Government Summit негізгі қорытындылары

MIND ғылыми-талдау орталығы әлемдік сарапшылар, мемлекет басшылары және технологиялық компаниялар жасанды интеллекттің экономикаға, мемлекеттік басқаруға және озық технологияларға ықпалын талқылаған жетекші жаһандық форумдардың бірі – World Government Summit-ке қатысты.

Саммиттің негізгі бағыттары:

  • Жасанды интеллект тек технологияларды жетілдіріп қана қоймай, оларды түбегейлі өзгертеді, мүлде жаңа шешімдер жасайды.
  • Тар маманданған жасанды интеллект үлгілерінің дәуірі – деректерді талдау жылдамдығы мен дәлдігі жаңа деңгейге шықты.
  • ЖИ «галлюцинациялары» қателік емес, инновация көзі ретінде қарастырылады.
  • ЖИ-ассистенттер автономды болып барады: олар тек тапсырмаларды ұйымдастыруда емес, стратегиялық шешім қабылдауда да көмектеседі.
  • ЖИ арқылы апаттарды болжау дағдарыстарды басқаруда жаңа мүмкіндіктер ашады.
  • ЖИ өнімдері арасындағы бәсекелестік күшейіп келеді – ең қолжетімді, жылдам әрі дәл үлгілер алға шығады.
  • ЖИ-ға салынатын инвестициялар стратегиялық мәнге ие бола бастады, енді ол жай ғана қаржылық қайтарым мәселесі емес.

Жасанды интеллект енді жай ғана тренд емес – ол жаңа шындықты қалыптастырып, бизнеске, басқаруға және зерттеулерге деген көзқарасты өзгертуде. MIND осы трансформацияларды талдауды, әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастықты жалғастырып, болашаққа болжамдар жасауды қолға алуда.

MIND-Talks жобасының басталуы: университет қалаға қарай қадам басуда!

2025 жылдың 12 ақпанда ORTA Community алаңында университеттік дәрісханалардан тыс ғылымды насихаттау мақсатында құрылған жаңа жоба – MIND-Talks аясындағы алғашқы кездесу өтті. MIND-Talks дәрістері мен пікірталастары білімді әрбір адамға қолжетімді етіп, академиялық идеяларды Астана қаласының мәдени кеңістігіне енгізуді көздейді.

Ашылу іс-шарасы «Бақылаушының логикасы. Еуропа қалаларының инфрақұрылымдары арқылы қауіпсіздік режимдерін зерттеу» тақырыбындағы дәріспен басталды. Оны MIND ғылыми-талдау орталығының әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының тең жетекшісі Дмитрий Серебренников жүргізді.

Дәріс барысында талқыланған тақырыптар:

  •  Бақылау камералары қаланы қалай «көреді» және бұл қоғамдық қауіпсіздікті түсіну үшін неге маңызды
  • Мониторинг технологияларының әртүрлі елдерде қолданылуы және олардың қауіпсіздік модельдерін құруы
  • Бақылау тиімділігі мен адам құқықтарын қорғауды қалай теңестіруге болады

Тыңдаушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды, бұл кездесуді интерактивті және мазмұнды етті.

MIND Distinguished Lectures жаңа форматының басталуы: Сұлтан Әкімбековтың алғашқы дәрісі

2025 жылдың 7 ақпанында MIND MNU-дың жаңа білім беру форматы – MIND Distinguished Lectures аясында алғашқы дәріс өтті. Бұл жобада Қазақстанның және халықаралық деңгейдегі жетекші сарапшылар әлемдік экономика, халықаралық қатынастар мен әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша өз білімдерімен бөліседі.

Алғашқы спикердің бірі болып тарихшы, Азияны зерттеу институтының директоры әрі Қазақстанның жетекші сарапшыларының бірі Сұлтан Әкімбеков болды. «Орталық Азия: барлығының ортасында және өзімен-өзі» тақырыбындағы дәріс Public Library алаңында өтіп, MNU студенттері мен оқытушыларын жинады.

Дәрістің негізгі тақырыптары:

  • Орталық Азияның жаһандық жүйедегі орны және оның халықаралық қатынастардағы рөлі
  • Аймақтың жаһандық акторларымен өзара әрекеттестігі
  • Дамудың ішкі тенденциялары және ынтымақтастық перспективалары

Дәріс тыңдармандардың зор қызығушылығын тудырып, аймақтың сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін сарапшымен талқылауға мүмкіндік берген мазмұнды сұрақ-жауап сессиясымен қорытындыланды.

Kazakhstan economic Update 2025 презентациясының қорытындысы: болашақты қаржыландыру және Қазақстанның экономикалық тұрақтылығы

2025 жылдың 4 ақпанында MIND MNU мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығында ұйымдастырылған Kazakhstan Economic Update 2025 есебінің тұсаукесері өтті. MNU алаңында елдің салық-бюджет саясатының негізгі қырлары, тұрақты инвестициялар мен қаржылық тұрақтылық мәселелерін талқылау үшін жетекші сарапшылар бас қосты.

🔹Іс-шара аясында Дүниежүзілік банктің Қазақстан экономикасының ағымдағы жай-күйін және оның даму жолын талдайтын жаңа есебі ұсынылды..
🔹Сарапшылар фискалдық саясаттың орта мерзімді бағдарламасын және макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған кірістерді арттыру стратегиясын талқылады.

🔹 Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалдық саясаттың рөліне және оның бизнеске, соның ішінде шағын және орта бизнеске әсеріне ерекше назар аударылды.

Кездесудің соңғы бөлігі интерактивті сұрақ-жауап сессиясына арналды, кездесу барысында қатысушылар сарапшылармен тікелей сөйлесіп, өзекті сұрақтар қоя алды.

Maqsut Narikbayev University де ТДМ 2 бойынша маңызды кездесу өтті! 

2024 жылдың 25 желтоқсанда Maqsut Narikbayev University-де «аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жәрдемдесу» тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 2) шеңберінде MIND акселераторының жобалау-зерттеу тобының маңызды кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстанның аграрлық ғылымын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, тұрақты даму мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары қаралды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Күнсұлу Далтонқызының жанындағы Ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшінің басшылығымен өтті.

Топ Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын халықаралық агротехнологиялық орталық ретінде дамытуға бағытталған заңнамалық және нормативтік ұсыныстар енгізді. Бұл бастама аграрлық ғылым, білім беру және бизнестің тиімді ықпалдасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы 2 миллион доллар грант бөлініп, генетикалық ресурстарды сақтау мен дамытуға бағытталған жобалар басталды.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы арасында халықаралық АҚИҰ (Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымдары) Генбанкін құру бойынша Жол картасы келісіліп, қол қойылды. Аталған құжат аясында 29 нақты іс-шара жоспарланған, олардың ішінде:

  • Жобаны іске асыру үшін жер учаскесін анықтау.
  • Құрылысты қаржыландыруды тарту.
  • Бас банкті халықаралық орталық деп тану және коллекцияларды Ұлттық мұра мәртебесіне бекіту.

Ауыл шаруашылығы ғылымына қатысты бірқатар заңдар мен нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аграрлық зерттеулер мен эксперименттік шаруашылықтарға тиесілі жерлерді қорғау және пайдалану мәселелері қаралды.

Кездесу Қазақстанның ұлттық даму жоспарының «6-басымдығын» іске асыруда ерекше орын алады. Сонымен қатар, бұл бастамалар Тұрақты даму мақсаттарының 2.4, 2.5 және 2.a тармақтарын орындауға өз үлесін қосады.