MNU Logo

Бізбен байланысу

MIND-Talks: Әл-Фарабидің философиялық антропологиясы — ғасырлар көзқарасы

2025 жылғы 27 наурызда ORTA Community алаңында MIND-Talks аясында Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық антропологиясына арналған дәріс өтті. MNU School of Liberal Arts қауымдастырылған профессоры А.С. Төлебеков ұлы ойшылдың философиялық мұрасына және адамның табиғаты жөніндегі көзқарастарына терең талдау жасады.

Дәрістің негізгі тақырыптары:

  • Әл-Фарабидің пікірінше, адамды қандай өмірлік күштер қалыптастырады?
  • Әл-Фарабидің әдіснамалық көзқарасы қазіргі когнитивтік ғылым саласындағы ғылыми тұжырымдамалармен қалай үйлеседі?

Дәріс философияға қызығушылық танытқан студенттер мен мамандардың назарын аударып, әл-Фараби ілімдерінің қазіргі философиялық және ғылыми тәжірибелерге ықпалы туралы қызу пікірталасқа жол ашты.

MIND-Talks жалғасуда! Анонстарды қадағалап, келесі шараға қосылыңыздар.

MIND-Talks жобасының басталуы: университет қалаға қарай қадам басуда!

2025 жылдың 12 ақпанда ORTA Community алаңында университеттік дәрісханалардан тыс ғылымды насихаттау мақсатында құрылған жаңа жоба – MIND-Talks аясындағы алғашқы кездесу өтті. MIND-Talks дәрістері мен пікірталастары білімді әрбір адамға қолжетімді етіп, академиялық идеяларды Астана қаласының мәдени кеңістігіне енгізуді көздейді.

Ашылу іс-шарасы «Бақылаушының логикасы. Еуропа қалаларының инфрақұрылымдары арқылы қауіпсіздік режимдерін зерттеу» тақырыбындағы дәріспен басталды. Оны MIND ғылыми-талдау орталығының әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының тең жетекшісі Дмитрий Серебренников жүргізді.

Дәріс барысында талқыланған тақырыптар:

  •  Бақылау камералары қаланы қалай «көреді» және бұл қоғамдық қауіпсіздікті түсіну үшін неге маңызды
  • Мониторинг технологияларының әртүрлі елдерде қолданылуы және олардың қауіпсіздік модельдерін құруы
  • Бақылау тиімділігі мен адам құқықтарын қорғауды қалай теңестіруге болады

Тыңдаушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды, бұл кездесуді интерактивті және мазмұнды етті.