
2024 жылғы 23 сәуірде MIND және «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты ғылыми-зерттеу және қолданбалы қызмет саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бұл стратегиялық маңызды ынтымақтастықтың мақсаты – әртүрлі салалардағы ғылыми зерттеулерді және құқық қолдану тәжірибесін дамыту, нормативтік актілер жобаларын, ақпараттық-талдамалық материалдар мен ұсынымдарды әзірлеу.
ХҚО Соты өз қызметінде тәуелсіз болып табылады және Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кірмейді. ХҚО Соты алғаш рет Орталық Азияда Англия мен Уэльс құқығының нормалары мен қағидаттарына негізделген сот жүйесін ұсынады. Ол ХҚО-дағы азаматтық және коммерциялық дауларды шешу үшін үздік халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді.