MNU Logo

Бізбен байланысу

Ғылыми-зерттеу және қолданбалы қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум - MNU

Ғылыми-зерттеу және қолданбалы қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

18.04.2024

Ғылыми-зерттеу және қолданбалы қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

2024 жылдың 18 сәуірінде MIND және “Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлерінің қауымдастығы” РҚБ ғылыми-зерттеу және қолданбалы қызмет саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ҚР Парламенті Сенатының жобалық офисі мен MNU арасындағы стратегиялық әріптестік БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында бірлескен зерттеулер мен тәжірибе алмасуға бағытталған бұл серіктестікке серпін берді.

Белгілі болғандай, БҰҰ-ның үшінші Тұрақты даму мақсаты – «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста баршаға амандықты қолдау». ТДМ әлеуметтік маңызы бар бастамалар үшін, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы ұйымдармен ынтымақтастық үшін маңызды бағдар болып табылады.

«Жаңа серіктестеріміздің құзырет саласы еліміздегі денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қоса алатын көптеген бағыттарды қамтиды. Біз бірлескен пилоттық жобаларды іске қосу туралы уағдаластық», – деді MIND ғылыми-зерттеу орталығының координаторы Альтаир Ахметов.

Парақшамен бөлісу

Тағы оқу