
2025 жылғы 6 наурызда ORTA Community алаңында MIND-Talks аясында гендерлік экономикаға арналған дәріс өтті. 8 наурыз қарсаңында MNU International School of Economics деканы Сауле Кемелбаева Қазақстан мен әлемдегі гендерлік теңсіздікке әсер ететін негізгі мәселелер туралы айтты.
Талқыланған негізгі тақырыптар:
- Неліктен жоғары білім деңгейіне қарамастан, Қазақстанда әйелдердің табысы ерлерден аз?
- Әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторлар табыс пен мүмкіндіктердегі алшақтыққа қалай әсер етеді?
- Бұл алшақтықты азайтып, гендерлік теңдікке қол жеткізуге қандай шешімдер көмектесе алады?
Дәріс қатысушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Олар мәселені шешудің ықтимал жолдары жөнінде өз ойларымен бөлісті.
MIND-Talks жалғасуда! Анонстарды қадағалап, келесі шараға қосылыңыздар.