MNU Logo

Бізбен байланысу

MNU және «Тіл-Қазына» жасанды интеллект және тіл технологиялары саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады - MNU

MNU және «Тіл-Қазына» жасанды интеллект және тіл технологиялары саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

10.06.2026

MNU және «Тіл-Қазына» жасанды интеллект және тіл технологиялары саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2026 жылдың 9 маусымында Maqsut Narikbayev University өкілдері Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығына жұмыс сапармен келді. Кездесу тіл ғылымы мен заң ғылымының тоғысуындағы ынтымақтастықты нығайту аясында өтті.

Тараптар бірлескен жұмыстың үш бағытын талқылады: 1) заңгерлерге қазақ тілін оқытуға арналған оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу — елімізде жетекші заң жоғары оқу орны ретінде МНУ салалық тілдік стандарттарды қалыптастыруда бірегей тәжірибеге ие; 2) МНУ әзірлеген заң сөздіктерін Ұлттық сөздік қорға интеграциялау, бұл сөздіктерге мемлекеттік ақпараттық жүйе аясындағы ресми мәртебе береді; 3) ғылыми ынтымақтастық: студенттерді орталықта өндірістік тәжірибеден өткізу және университет ғалымдарының лингвистика мен жасанды интеллект жобаларына атсалысуы.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар профильдік министрліктің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына бірлесе жоба ұсынуға келісті.

Парақшамен бөлісу

Тағы оқу

Thank you!

Вы успешно подписались на email рассылку.

Жазылымнан бас тартылды

Жазылымнан бас тартуыңыз сәтті орындалды.