MNU Logo

Бізбен байланысу

QazTech» технологиялық компаниялар Альянсымен және цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен бірлескен сараптамалық пікірталас - MNU

QazTech» технологиялық компаниялар Альянсымен және цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен бірлескен сараптамалық пікірталас

23.05.2024

QazTech» технологиялық компаниялар Альянсымен және цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен бірлескен сараптамалық пікірталас

23 мамырда MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY «QazTech» технологиялық компаниялар Альянсымен және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдерімен бірлесіп, цифрлық саланы құқықтық реттеудің күн тәртібіне арналған сараптамалық пікірталас өткізді.

Пікірталасқа мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтар мен бизнестің өкілдері, сондай-ақ беделді академиялық мамандар мен сарапшы-заңгерлер қатысты. Қатысушылар министрлік дайындаған цифрлық кодекстің жобасын талқылады және оны пысықтау бойынша ұсыныстар берді. Цифрландыру саласындағы ұлттық басымдықтарды неғұрлым нақты тұжырымдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар заң шығару практикасын жетілдіру үшін осындай пікірталас форматтарын одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді. Бұл инновациялар мен технологиялық даму үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, мемлекет, бизнес және ғылым мүдделерін неғұрлым тиімді біріктіруге мүмкіндік береді.

Парақшамен бөлісу

Тағы оқу