
25 мамырда ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» жобалық командасымен бірлесіп, жаңа жұмыс орындарын құруға және экономикалық өсуді дамытуға бағытталған маңызды жобаны талқылау бойынша кездесу өтті. Біз кластерлік саясат стратегиясын және Ақмола облысындағы аграрлық секторды дамыту перспективаларын талқыладық. Ақмола облысы әкімдігі өкілдерінің сөз сөйлеуі, сондай-ақ фасилитациялық сессия өтті.
Сондай-ақ ТДМ 11-де үдеткіш бойынша фасилитациялық сессия өтті.
Шығармашылық индустрияларды дамыту, ағымдағы челлендждер және ықтимал шешімдер сияқты тақырыптар талқылау орталығына айналды. Ұсынылған барлық идеялар тек практикалық бағдарға ие.