MNU Logo

Бізбен байланысу

Тұрақты болашаққа саяхат - MNU

Тұрақты болашаққа саяхат

09.07.2024

Тұрақты болашаққа саяхат

2024 жылдың 9 шілдесінде MIND акселератор командаларының басшылары ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлымен кездесуде өз жұмысының аралық нәтижелерімен бөлісті.

Кездесу барысында Акселератор жобалау-зерттеу топтары проблемаларға талдау жасап, өздерінің негізгі бағыттарын анықтады:

* пенитенциарлық жүйеде медициналық қызметтермен қамтамасыз ету;

* жоғары білім берудегі инклюзивтілік саясатын әзірлеу;

* Ақмола облысында ет кластерін құру және агротуризмді дамыту;

* өнеркәсіптің Ұлттық ақпараттық жүйесін қалыптастыру;

* Ұлттық ақпараттық жүйені құру арқылы машина жасауды қолдау

* креативті индустриялар саласындағы заңнаманы түзету;

* Бурабай курорттық аймағын декарбонизациялау;

* білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;

* мекемелерде және НҚА әзірлеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту;

* цифрлық шешімдерді енгізу және депутаттарды оқыту арқылы мәслихаттарда тиімділікті арттыру.

Топтар мәселелерді шешу жолдарын және аралық нәтижелерді ұсынды.

Кездесу соңында топ жетекшілері Сенат Төрағасынан кері байланыс алып, жобаларды іске асыру жөніндегі келесі қадамдарды талқылады.

MIND акселераторы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қоғамдық жобалық офисі мен Maqsut Narikbayev University (MNU) бірлескен бастамасы. Белгілі болғандай, бұл пилоттық жоба БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуге жәрдемдесуді мақсат етеді. MIND акселераторының іске қосылуы 2024 жылғы 3 мамырда өтті. Техникалық жабылуы 2024 жылғы 9 тамызға жоспарланған.

Барлық жұмыстар еріктілік негізде, құрамына мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылыми және сараптамалық қауымдастықтардың, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері кіретін командалардың күшімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, командалар құрамына Сенат және мәслихат депутаттары, Сенат жанындағы Аналитика мектебінің түлектері, MNU-дың профессорлық-оқытушылық құрамы, Ақмола облысы әкімдігінің қызметкерлері (пилоттық өңір), БҰҰ Даму бағдарламасы мен басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары, сондай-ақ бизнес өкілдері енді.

Әртүрлі салалардың мамандарынан құралған топтар ағымдағы жағдайды талдау және инновациялық шешімдерді әзірле үшін MIND-тың авторлық әдістемесін қолданды. Жобаның негізінде GAP-талдау әдістемесі жатыр, ол командаларға тек қазіргі ахуалды зерттеп қана қоймай, әрі қарайғы дамудың жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.

Парақшамен бөлісу

Тағы оқу