
2024 жылғы 30 сәуірде MIND және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының миссиясы – азаматтар, бизнес және мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында «электрондық үкімет» экожүйесін дамыту және оны «цифрлыққа» көшіру.
«ҰАТ» АҚ – Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметінің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып табылады. Жаңа серіктесіміздің нарықта 23 жылдық тәжірибесі бар.
MIND пен «ҰАТ» АҚ IT-шешімдер көмегімен әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесе жүзеге асыруды жоспарлап отыр.